» » Президент сайлауының барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді

Президент сайлауының барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді

Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелді.
«Биылғы 22 қыркүйекте ОСК 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс ҚР президенті сайлауына халықаралық байқау институтын ашқан болатын. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. СІМ сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге тиісті шақырулар жіберді. Сонымен қатар екіжақты негізде ҚР ОСК атынан 28 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақыру жіберілді. Бүгінгі таңда ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», - деді отырыс барысында ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
Оның нақтылауынша,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан - 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр.
Осыған орай аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулысының жобасы әзірленген.
Комиссия мүшелері осы қаулыны бекіту туралы шешім қабылдады.
25 қазан 2022 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930