Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке барды

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті. 
Концертте отандық танымал өнер жұлдыздары, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті. 
Айта кетейік, Республика күніне арналған осы салтанатты шараға Қызылорда облысының делегациясы қатысты. Солардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, қоғам қайраткерлері Самұрат Имандосов, Шахизат Төребаев, Серхожа Ыдырысов, Найля Палымбет, «Сыр медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев және облыстық мәслихат депутаты Нұрболат Ибраев, мәдениет қайраткері Үміт Медеуова, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов болды.
syrboyi.kz

23 қазан 2022 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

06 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 564
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 363

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031