» » Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуов 140 жаста

Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуов 140 жаста

qarmaqshy-tany.kz Тарлан талант, поэзия бұлбұлы - Тұрмағамбет Ізтілеуов атамыздың туғанына биыл 140 жыл толуда. Ақын Сырдария облысының Қазалы уезіндегі Қуаңдария болысының екінші ауылында Ақтайлақ кезең атты елді мекенде дүниеге келген. Ата - анасы Ізтілеу атамыз бен Жұпар әжеміз табан ет маңдай терімен күн көрген еңбекші жандар болған екен. Тұрмағамбет атамыз жоқшылықтың зәрлі зардабын жас күнінен тартып өседі. Алғашқы кезеңде ауыл молдаларынан мұсылманша сауат ашады. Білімге деген құштарлығы өз замандастарынан жоғары болады. Алдына үлкен мақсат қойған ақын Ақтайлақ - Қалыңбас елді мекенінен әйгілі Бұхара шахарына оқуға аттанады. Кіре тартып бара жатқан саудагерлердің керуеніне ілесіп, Қызылқұмның шөл асулары арқылы өтіп, Бұхараға әрең жетеді. "Мир Араб", "Көкелташ" медресесін үздік бітіріп, Тәжік ғылым академиясының академигі Садриддин Сайдмұрадұлы Айнимен дос болып, шатырхатты (дипломды) бірге алады.
Тұрмағамбет атамыз үздік оқумен қатар Бұхараның бай кітапханасынан сусындап рухани азық алады. Әсіресе ол мұнда Арабтың әйгілі "Мың бір түнін", Үндінің "Тотынамасын", Парсының "Шахнамасын", Низамидің "Іскендірнамасын", "Новойдің" "Ләйлі - Мәжнүнін", Шығыстың тағы басқа әлемге әйгілі ақын жыршыларының шығармаларын құмарта оқиды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін терең меңгереді. Ақын осы тілдермен жазылған шығыстың классикалық шығармаларын ана тіліне аударып, қазақ оқырмандарының игілігіне айналдыруды мақсат тұтады. Халқын сүйген ақын бұл мұратына да жетеді. 1934 жылы маусым айында Алматы қаласында өткен Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш съезіне делегат болып қатысқан ақын өз талантын астана жұртшылығына танытады. Осында Қазақстанның белгілі ақын жазушыларымен жыр атасы Жамбылмен, өз үзеңгілестері Нұрпейіс, Кененмен жүздеседі. Сөз өнерлерінің шын шеберлерімен кездесу ақынның шығармашылдықпен өрлей түсуіне әсер етеді.Тұрмағамбет ақынның өлеңдері,тақпақтары, рубайлары, нақылдары, мысалдары өсер ұрпаққа телегей теңіз ортаймайтын рухани байлық.
Дүниеден өмірім бітіп өтсем де өзім
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім,
Көре алмай кейінгіні кеттім ау деп,
Арманда болмай ақ қой екі көзім деуі қазіргі таңда шындыққа айналды. Ақын атамыз бүгінде дүниеге келгеніне 140 жыл болса ақын шығармалары дәл бүгінгідей маңызын жоймай сәулелене түсуде.
Зарипа Тасымова Жаппарқызы

20 қазан 2022 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031