» » Бүгін құтқарушылардың кәсіби мерекесі

Бүгін құтқарушылардың кәсіби мерекесі

19 қазан – құтқарушылар күні. Қазіргі таңда облыста 850-ден астам төтеншелік өз саласында аянбай еңбек етіп келеді. Олар кез келген табиғи және техногенді апаттарда шұғыл әрекет етуге дайын. Бүгін атаулы күнге орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов құтқарушы мамандығының жауапкершілігі зор әрі қауіп-қатермен бетпе-бет келетін мамандық екенін атап өтіп, барша құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
- Құтқарушылар – сын сағатта өз басын қатерге тігіп, кез келген оқыс оқиғада батыл қадам жасайтын маман иелері. Жыл басынан бері облыста төтеншеліктердің кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында 283 адам аман қалды. Өңірдегі барлық қызметкерлер тосыннан төнген апатта жедел әрекет ету үшін күн сайын кәсібиліктерін шыңдайды. Сондай-ақ, сырбойылық құтқарушылар жылда республикалық жарыстарда топ жарып, құрмет төрінен көрінуде. 19 қазан – Құтқарушылар күні қарсаңында қаһарман құтқарушыларымыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етеміз. Бұл - біздің парызымыз. Қызмет бабында қаза болған әріптестеріміздің ерлік істері бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелей отырып, ел есінде мәңгі сақталады. Барша төтеншеліктерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын,- деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Жаңабайұлы.

Қоғамдық Даму Басқармасы



19 қазан 2022 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930