Құрылтай
» » Менің елімнің тарихы

Менің елімнің тарихы

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті орталығындағы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің интернатының оқушыларымен 25 қазан-Республика күні мерекесіне орай «Музей сабақтары» жобасы аясында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде танымдық сабақ өткізілді.
«Менің елімнің тарихы» тақырыбында өткізілген экскурсиялық танымдық сабақ аясында оқушылар ауданымыздың тарихи бай мұрасымен танысты.
Экскурсияның мақсаты-балаларға өлке тарихынан тың мағлұматтар беріп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларымызды насихаттау.
Осы ретте музей қызметкерлері өңіріміздің дамуындағы тарихи тұлғалардың ерен ерліктері жайлы айтып өтіп, экспонат түрлерімен таныстырып өтті.
Сонымен бірге Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Бертлеуов пен тәрбиешілер және интернат оқушылары арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырылды.
Сондай-ақ танымдық сабақ барысында оқушылар Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы аудан тарихының жетістіктерін тамашалады. Өз кезегінде оқушылар өздерінің таңданыстарын білдіріп, музей қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
18 қазан 2022 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31