» » «III ИНТЕРНАЦИОНАЛ» сериалы көрерменге жол тартты

«III ИНТЕРНАЦИОНАЛ» сериалы көрерменге жол тартты

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен "НТК" телеарнасының тапсырысы бойынша, облыс, аудан әкімдерінің қолдауымен және сериалдың бас продюсері, жерлесіміз Ақылбек Досжан жетекшілік ететін "BAS Production" компаниясы таспалаған комедиялық жанрдағы достық пен келісімді дәріптейтін "ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ" сериалының тұсаукесер рәсімі өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Б.Далабаев, бөлім басшылары, аудан, ауыл тұрғындары мен сериалдың бас продюсері, режиссері мен актерлар қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары аудан тұрғындарын жаңа туындының шығарылымымен құттықтап, шығармашылық ұжымға алғыс айтса, ІІІ Интернационал ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұхтаров жұртшылыққа батасын берді.
10 сериядан тұратын туындыда ұрпақ сабақтастығы, халық достығы, ауылдың бірлігі, шынайы махаббат көрініс табады. Басты рөлдерді Жалғас Елеусінов және Азиза Түлкібаева сомдайды. Сондай-ақ киноиндустрия саласындда жемісті еңбек етіп жүрген Иманалы Сапаров, Ұлан Мамырбек, Таня Турлай, Әли Сұлтан, Ербол Садырбаев, Кенжегүл Жорабаева, Әзиз Әбілов және Ернат Күншібаев сынды актерлар бейнелейді.
"Қт" ақпарат
15 қазан 2022 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930