» » Жарық, камера, мотор

Жарық, камера, мотор


ОСЫДАН БІР АЙ БҰРЫН ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНА КИНО ТҮСІРІЛІМ ТОБЫ КЕЛІП, ФИЛЬМГЕ КАСТИНГ ӨТТІ. ОНДА ТАНЫМАЛ ӘРТІСТЕРДЕН БӨЛЕК АУЫЛ АДАМДАРЫ ЖАЛПЫ КӨРІНІСКЕ РӨЛДЕР АЛЫП, БІР АЙ БОЙЫ СЕРИАЛ АУЫЛДА ТҮСІРІЛЕ БАСТАДЫ. ҚАЗІР АУЫЛ КӨРІНІСТЕРІНІҢ КАДРЛАРЫ ТОЛЫҚ АЛЫНЫП БІТТІ. ЕНДІГІ КҮЗ АЙЫНА ҚАРАЙ «ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ» СЕРИАЛЫ ҚАЛЫҢ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТПАҚ.
Жалпы сериалдың мақсаты – елдегі ұлттар достастығын көрсету. Жанры комедия. 12+ аудиториясына арналған фильм былайша өрбиді. Ауыл тұрғындары ЮНЕСКО-ның тізіміне енетінін біледі. Әкім үрейленіп, ассамблея келеді деп бүкіл ауылды жинап, дайындыққа кіріседі. Ауыл тұрғындары облыстық театрдан әлдеқашан этникалық және мәдени әртүрлілігін жоғалтқандықтан, оларға көмектесу үшін қаладан жас режиссер Дарханды жібереді. Ал ауылды іштей танып білген режиссер ауылдың басты құндылығы бұл халықтың әр түрлілігінде емес, олардың бірлігінде екенін түсінеді. Осындай мәнмен түсірілген киноға ІІІ Интернационал ауылының тұрғындары да қатысып, бір ай бойы ауыл көрінісі қыза түскен.
– Бұл ерекше сезім, орын алған ерекше оқиға болды. Түсірілім тобы келгеннен-ақ ауылдағы еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін далада жүріп, түсірілімді қызықтады. Оның үстіне ауылдағы біраз тұрғын сериалға түсіп, өздерін жаңа қырынан ашты. Ауылда күнде той өткендей арқа-жарқа күй кештік. Жақында түсірілім бітіп, олар өз қалаларына қайтты. Құдды ауыл тып-тыныш болып қалғандай күй кештік. Осындай қуанышты күндер сыйлап, ауылымызда көпұлтты мекеннің бірлігін насихаттайтын кино түсірілгеніне қуаныштымыз. Айтар алғысымыз көп, – дейді керемет көңіл күймен бізбен байланысқан ауыл кітапханашысы Рима Тұрманова.
Бірлік пен келісімді дәріптейтін сериал НТК телеарнасы арқылы көрерменге жол тартады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "НТК" телеарнасының тапсырысы негізіндегі комедиялық сериалға "BAS Production" киностудиясы кинокартина жасаумен айналысуда. Оның бас продюсері, осы ауылдың тумасы Ақылбек Досжанов, картина директоры Нұржігіт Қоштай Дүр Оңғар ауылынан. Ал кастингке жауапты Еркебұлан Жайсанбек байқоңырлық жігіт.
Олардың айтуынша сериал 10 сериядан тұрады. Кинофильмде қазіргі таңда белгілі болып жүрген қоюшы режиссер Дәулет Бекмағамбетов, бас оператор Бабайбек Нұртуған, ал киноға түскен танымал театр және кино актерлары Иманалы Сапаров, Таня Турлай, Ербол Садырбаев, Әзиза Түлкібаевалар басты рөлдерді сомдайды. Олар Қазақстанда танымал болған "Пәленшеевтер отбасы", "Көршілер", "Күйеу бала", "Аппақ келін", "Құсаныйовтар", "Өмір жолы", "Бәсеке", "Өмір сабақтары" секілді сериалдарда басты рөлдерді сомдаған. Барлығы қырыққа жуық актерлар түсірілім алаңынан табылды.
– Ауыл бізді есіктен енгеннен бастап керемет қарсы алды. Кастинг өткізіп, өнерлі жандарды киноға түсуге қабылдадық. Олар түрлі рөл алып, белсенді қатысты, бар актерлық шеберлігін көрсете білді. Бастапқыда қиын болмай ма деген ой келді. Бірақ ондай кедергі келтіретін оқиғалар орын алмады. Ауа райы да қарасып, сериал түсірілімі сәтті өтті. Кинокартина бірлікті айқындайтын оқиғадан құралса, ауылда расымен сондай оқиғаның куәсі болдық. Қонақжайлығы, бауырмалдығы, ақ көңіл, мейірімді мінезімен баураған ауыл тұрғындарының арасында картинаны жоғары деңгейде түсірдік. Тіпті бірімізге-біріміз бауыр басып та қалдық. Түсірілімнің соңғы күнінде ауылға деген қимастық сезім болды. Рас, әрең қоштасып, қалаға қайттық. Бізге кең құшағын ашып, керемет күндерді бірге өткізген ауыл адамдарына алғысымыз шексіз, – дейді кинокартинаның директоры Нұржігіт Қоштай.
Кадрда бірліктің бейнесі өрбісе, кадрдан тыс та сол бірліктің иісі аңқыпты. Мұны ауыл тұрғындарынан, түсірілім тобының шынайы сезімінен, ыстық ықыласынан, бізбен өткізген көңілді сұқбаттарынан аңғардық. Көпұлтты ауыл көпшілікке бірлігі мен еңбекқорлығы, әдемі көрінісі мен көркем келбеті арқылы таныс. Ал сол ауылдың адамдары киноға түсіп, өнерін паш еткені, танымал адамдармен қатар жүріп, кино әлеміне қанат қаққаны біз үшін үлкен қуаныш болды. Бұйырса күз мезгіліне таяу «ІІІ Интернационал» сериалы қалың көрерменге жол тартады. Көптің көңілінен шығып, нағыз ауылдың картинасын тамашалайтын күн де алыс емес.

Айнұр ӘЛИ
21 мамыр 2022 ж. 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 388

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 466

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930