» » Аналар кеңесінің мүшелері мемлекет басшысының Жолдауын қолдады

Аналар кеңесінің мүшелері мемлекет басшысының Жолдауын қолдады

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Байқоңыр қаласының Аналар Кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Кездесу аясында "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов, аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі С.Жумадьяров, "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанатының жетекшісі А.Ердаулетов ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауындағы негізгі бағыттарын түсіндірді.
"Жолдаудың әлеуметтік құрамдас бөлігі барлық қазақстандықтар үшін өзекті болып табылады, өйткені ол адамның сапалы медициналық қызмет алуына, білім алуға қол жетімділік, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге деген негізгі қажеттіліктеріне қатысты. Жалпы, Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауын іске асыру адам өмірі үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі одан әрі реформалар үшін негіз болуға тиіс. Ел Президенті әрбір Жолдауында еңбекқорлық пен кәсібилік - мемлекетті нығайта алатын бәсекеге қабілетті адамдардың сапасына баса назар аударады", - деп атап өтті "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов.
"Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасы әрбір қазақстандық отбасына елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуға мүмкіндік береді. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына аудару, ата-аналардың балаларының одан әрі білім алуы туралы қамқорлығын жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деді депутатық фракциясының мүшесі С.Жұмадьяров.
Кездесу барысында Аналар Кеңесінің мүшелері ҚР Президентінің Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді.
Президенттің бала күтімі бойынша төлем мерзімін ұзарту, 18 жасқа дейінгі балаларға дивидендтер төлеу және зейнеткерлік жасты төмендету жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды.
14 қазан 2022 ж. 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930