» » Тоқаев президенттікке кандидат болып тіркелді

Тоқаев президенттікке кандидат болып тіркелді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат болып тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді", - деді ОСК отырысында.
Президенттікке кандидат куәлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді адамы Ерлан Қошановқа табысталды.
Айта кетсек, президенттікке кандидаттар сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмысын 21 қазанда бастайды. Аталған шара 28 күнге созылады. 
Айта кетсек, 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында кандидаттың Конституция және Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау шарасы ұйымдастырылады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Яғни 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады.19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні.
20 қараша дауыс беру күні, яғни сайлау. 21 қарашадан 27 қарашаға дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын шығару жүргізіледі. 27 қараша нәтижелерді белгілеу және сайланған президентті тіркеу іске асады. Сайлау қорытындылары туралы хабарды БАҚ-та 10 күннен кешіктірмей жариялау керек. Яғни, 30 қарашаға дейін барлық сайлау рәсімдері мен ресми жарияланымдар жүзеге асырылады.
12 қазан 2022 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 397
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728