» » БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жақында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау бойынша аудандық штаб мүшелерінің бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Оны «Nur Otan» партиясы аудандық қоғамдық штабының төрағасы Дастан Буханов ашты. Жиында аталған штаб мүшелері, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Кемелұлының сенімді өкілдері Қаршыға Есдәулетов, Бақытжан Нысанбаев, Индира Әбдібекова, Әділ Ыбрахим, сондай-ақ Въетнам соғысының ардагері Иса Бисеновтер үстіміздегі жылдың 9-маусымында өтетін Президент сайлауында «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, дауыс беруге шақырды. 
– Бейбітшілік, келісім, жоғары сая­си мәдениет, өз елінің азаматтарын құрметтеу және тұрақтылық – бұл қазақстандықтар өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының зор жетістігі. Осы маңызды сәтте біз Елбасының мұрасын сақтап, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бағытын жалғастыру үшін күш-жігерімізді аямаймыз. Айтулы партиядан президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдай отыра әрқайсымыз сабақтастық, әділдік және өрлеу даңғылын таңдаймыз, – деді кездесуде кандидаттың сенімді өкілдері.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
27 мамыр 2019 ж. 1 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728