» » Қаржылық сауаттылық кәсіпті дамытуға сеп

Қаржылық сауаттылық кәсіпті дамытуға сеп

Қазір нанотехнологияның, цифрландырудың заманы. Соған сай кәсіпкерлік, бизнес саласы да қатар дамып отыруы тиіс. Ал оны дамыту үшін міндетті түрде қаржылық сауаттылық керек.
Жақында КМФ микроқаржылық ұйымының ұйымдастыруымен аудан - кәсіпкерлері мен тұрғындарына "Бизнестегі маркетинг" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға аудандық кәсіпкерлік палатасының басшысы Алмат Өтегенов, осы палатаның маманы Жанар Болысбекова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Ақнұр Өтешова, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Семинар-тренингті "КМФ Демеу" корпоративтік қорының бизнес тренері, стартап жобалар бойынша кеңесшісі Біржан Серіков жүргізіп, қатысушыларға құнды бағыт-бағдар беріп, сабақ жүргізді. Аудиториямен сұрақ-жауап сағатын өткізіп, түрлі талдау жасады. Оқу барысында аудан кәсіпкерлері Қалдыгүл Шалабаева, Жауқазын Қойшыбаева, Нағима Тоқсанбаева, Алтынай Одаманова, Жадыра Қазиева, Меңлік Акишева, Дастан Даңлыбаев, тағы басқалары белсенділік танытып, көкейдегі сауалдарын ортаға салды.
– Қаржылық сауаттылық тек қана кәсіпкерге керек емес, барлық адамға керекті дүние. Семинар-тренингке кәсіпкерлермен бірге кент тұрғын сіпкерлермен бірге кент тұрғындарының да келіп қатысқаны қуантты. Бұл – оларға қажетті ақпарат деп есептейміз. Қаржылық сауаттылық болмаса, адам қашан да ақшаны қалай жұмсайтынын білмей дағдарады. Бүгінде неше түрлі алаяқтар көбейіп кетті. Соған байланысты да осы бизнестренингті ұйымдастырып отырмыз, – дейді КМФ микроқаржылық ұйымының Жосалы бөлімшесі бойынша басшысы Талғат Тоқсанбаев.
Білім алу қай кезде де істі жетілдіріп, дамытып отырады. Бұл тұрғыда семи- нардың қатысушыларға пайдалы болғанына дау жоқ. Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат жасалды.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
12 қазан 2022 ж. 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930