» » Кітап көрмесі ұйымдастырылды

Кітап көрмесі ұйымдастырылды

Асан қайғы Сәбитұлы - 14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Асан қайғы заманы Алтын Орда ыдырап, Ноғай ордасы тараған қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Қазақ ордасы құрылған кезде Асан қайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Ол іздеген "Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу.
Асан қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, "адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін" мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау "Жерұйық" деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.
Асан қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға ( қырғыз, қарақалпақ, ноғай т.б) кеңінен тараған.
Ауылдық кітапханада "Асан қайғы - дала данышпаны" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Асан қайғы аталары туралы көптеген мәлеметтермен таныстырылды.
11 қазан 2022 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930