» » Соңғы жылдары Түрікменстан елінен қазақтың астығы мен ұнына сұраныс артқан

Соңғы жылдары Түрікменстан елінен қазақтың астығы мен ұнына сұраныс артқан

Маңғыстау облысында өндірілетін макарон өнімдері, трансформатор мен тыңайтқыштар Түрікменстан нарығына жол тартатын болды. Көрші ел тарапынан қазақтың астығы мен ұнына да сұраныс түсуде. Ал Түрікменстанның мақта маталары мен жеміс-жидек, көкөнісі делдалсыз тікелей елімізге жеткізілмек. Түрікменбасшы қаласында өткен Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаяты тауар өндірушілерінің көрмесінде қос өңір кәсіпкерлері бірқатар келісімге қол жеткізді. Маңғыстау облысы Түрікменстанның Балқан уәлаятымен құрлықта да, теңіз арқылы да шектесіп жатыр. Былтыр көрші аймақтар арасындағы тауар айналымы 4 миллион 600 мың долларды құраған. Оны басым бөлігі импорттық өнімдер. Маңғыстау билігі биыл Түрікменстанға экспортталатын тауарларды екі есеге арттыруды көздеп отыр. Екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайтуға көрші ел де мүдделі. Көрші елде өткен көрмеге 50-ден аса маңғыстаулық тауар өндіруші өз өнімдерін әкелген. Түрікмендер әсіресе Ақтауда өндірілетін макарон мен минералды тыңайтқыштар және трансформатор зауытының өнімдеріне қызығушылық танытты. Олжас Есіркепов Ақтау трансформатор зауытының директоры: – Біз өнімдеріміздің 40 пайызын экспортқа жіберіп отырмыз. Енді Қазақстанда жасалған трансформаторлар Түрікменстан нарығына да шығатын болды. Балқан облысының өкілдері өнімдерімізді сатып алуға, ұзақмерзімді келісімге отыруға ұсыныс жасады. Соңғы жылдары Түрікменстан тарапынан қазақтың астығы мен ұнына сұраныс артқан. Көрші ел халқының көпшілігі Қазақстанның ұнын тұтына бастаған. Алдағы уақытта Бейнеуден шығатын ұн да Түрікменстанға тасымалданатын болды. Тәулігіне 400 тонна ұн шығаратын кәсіпорын Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан елдеріне экспортталуда. Нұрбек Қарасаев, «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысы бойынша басшысы: – Бүгінгі күнде аймақтарында бидайды өсіріп жатыр, бірақ оның көлемі Түрікменстандағы ішкі нарықты қамтуға жетіпейді. Сондықтан да олар бидайды сатып алуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Ақтауға оралғаннан кейін қарым-қатынасты одан ары жақсартуға жұмыс жасайтын боламыз. Тоқыма өнеркәсібімен әйгілі Түрікменстанның мақта маталары сапасынан да, бағасынан да өзге елдерден озып тұр. Әлемде сұранысқа ие маталар енді Маңғыстау нарығына жеткізіледі. Ақтаулық тауар өндірушілер жиһаз қаптауға, көрпе-төсек мен киім-кешек тігу үшін пайдаланбақ. Зуляйхан Оразова технолог: – Біз мақта талшықтарынан жіп иіріп, мата тоқимыз. Сонымен қатар төсек орын жаймасы, киім-кешек түрлерін тігеміз. Өнімдерімізге Маңғыстау облысы тарапынан сұраныс түсіп жатыр. Бұйырса, нақты келісімшарт жасасып, көп кешікпей сауда-саттықты бастаймыз деген ойдамыз. Қос ел тауар өндірушілерінің кездесуінде түрікменнің жемісі мен көкөнісін делдалсыз тікелей тасымалдау мәселесі де қаралды. Келісім шешімін тапса, азық-түліктің 80 пайызын сырттан тасымалдайтын Маңғыстау өңірі үшін бұл тиімді болмақ. Көрші елден қажетті тауарды Маңғыстауға теңіз порттары, теміржолмен және тасжолмен де тасымалдауға мүмкіндік бар.
24.kz
22 сәуір 2018 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031