"Сау бол - жаса!" атты спорттық шара
Қармақшы ауданы, Ақжар Ауылының Орта Мектебі оқушыларымен "Коронавирус инфекциясынан сақтану жолдары", "Екпе жасат!", "Болашаққа сенімді қадаммен!" атты іс-шараларымыз өтті. "Сау бол - жаса!" атты спорттық шарада балалар белсенділік танытып, спорттың пайдасын еселеді.
Екі топқа бөлініп эстафеталық жарыста достық пен шынайылықты көрсете отырып, нағыз ептілік пен шеберлікті дәлелдеді.
7-сынып оқушылары флешмоб ұйымдастырып,аурудың алдын ала екпе жасатып, көңілді жүру мен дене белсенділігінің маңызын түсіндірсе, Қармақшы аудандық орталық емхананың тар буынды мамандары оқушылар мен ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізіп, қызметтер көрсетті. Жастар денсаулығы орталығының мамандары салауатты өмір салтын ұстана жүріп, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстап, дұрыс тамақтануды, күнделікті күн тәртібін жоспарлау арқылы болашаққа нақты мақсат қоюды, болашаққа сенімді қадаммен аттауды түсіндірді. Өзін сүйіп, өмірді сүйе жүріп, қате ойларға бой алдырмауға шақырды. Қазіргі өзгермелі заманда заманауи жаңалықтарды меңгере отырып, өзіне тек жақсы жағын пайдаға асыруы керек екендігін нақтылады. Интернет - шексіз аудитория. Онда пайдалы да пайдасыз ақпараттар легі өте көп. Сондықтан, әлеуметтік желілерде жеке бас ақпараттарын, суреттерін жүктемей, танымайтын жандардан сақ болу керек екендігін айтып, кибербуллинг, буллинг ұғымдарымен таныстырды. Әркім өзін біліммен жан-жақты қоректендірсе, отбасылық құндылықтарды ұғынып, тәрбиелі болуды мақсат тұтса, уақыттарын пайдалы іске жұмсап, өздерінің шығармашылықтарың арттырса, өзін танып, өзін жетілдірсе, осы бастан денсаулығына жауапкершілікпен қараса, алда оны мықты тұлға болу, бақытты жан болу және жарқын болашақ күтіп тұр!
Бүгін барлық мүмкіндіктерді игеріп, бүгін өзіңді қолға ал,Жас дос,ертең кеш болмасын!
Саналы,сапалы,салихалы,дені сау ұрпақ - біздің ертеңіміз!