» » Үздік TikTok ролигін түсірген мұғалімдер марапатталады

Үздік TikTok ролигін түсірген мұғалімдер марапатталады

TikTok Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер TikTok платформасында өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауы керек. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға, яғни iPhone 13 PRO Max смартфондарына ие болады. 
TikTok-тың #ҚазақстанМұғалімдері бастамасы оқушылармен қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша білімін бөлісуге мүмкіндік береді. Жобаның ресми амбассадорларыTikTok-тағы танымал мұғалімдер: химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani және @jump2mars мұғалімдер тобы.
TikTok-та өз жолын енді бастаған мұғалімдер үшін арнайы оқыту вебинарын өткізеді. Бұл оларға TikTok-тың барлық мүмкіндіктері туралы білуге және қоғамдастықтың назарын аударатын жарқын бейнелер жасауды үйренуге көмектеседі. 
Байқауға TikTok-та аккаунт ашуға дайын немесе аккаунты бар барлық мектеп мұғалімдер қатыса алады. 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін олар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтер кем дегенде 30 секундқа созылуға тиіс. Жариялағанда байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері  хэштегін қосуды ұмытпаған жөн.
Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген ұстаз бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпіріндегі оқушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері педагогтарымыздың бастамаларын қолдап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады, - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.
Бейнероликтерді жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері үш номинация бойынша бағалайды:
  • Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады;
  • Жаңа мұғалім. Байқау кезінде ашқан аккаунты ең көп қаралымға ие болған  мұғалімге беріледі;
  • Үздік бейнеролик. Бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз  болады.
Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады. 
06 қазан 2022 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 555
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930