» » Қазақстандықтар TikTok-тегі видеодан кейін теңгелік монеталарды сатып ала бастады

Қазақстандықтар TikTok-тегі видеодан кейін теңгелік монеталарды сатып ала бастады

Қазақстандықтар TikTok-тегі видеодан кейін теңгелік монеталарды сатып ала бастады.


TikTok қолданушысы monety_v_karagande желіде жариялаған видеоны 280 мыңнан астам рет көрген. 
"Мұны аз адам біледі, бірақ біздің әмиянымыздағы ақша номиналдан әлдеқайда қымбат болуы мүмкін. Жарқын мысал - 1997 жылғы 1 теңге. Бүгінде бұл монетаны айналымда сирек кездестіресіз, бірақ егер тапсаңыз, оны 500 теңгеге сатуға болады. Оның номиналды құнынан 500 есе жоғары. Кім тапса да, мен бұл ескі монетаны 500 теңгеге сатып алуға дайынмын", - дейді автор.
Осы бейнеден кейін монетаның саудасы белсенді түрде жүрді.
Пікірлерде кейбір пайдаланушылар "тиынды" сатуға дайын екенін жазады, ал басқалары бұл монетаның қаншалықты құнды екенін түсінуге тырысты Тіпті металлда таза алтынның қоспасы бар және балқыту кезінде қымбат металды алуға болады деген болжам айтылды. Алайда, болжам түбегейлі қате.
"Номиналы 1 теңгелік осы айналымдағы монеталар 1997 жылы айналысқа шығарылып, бағалы емес металл –нибрастан жасалған. 2013 жылдан бастап номиналы 1, 5 және 10 теңгелік монеталар жезден гальваникалық жабыны бар көміртекті болаттан жасалады.  Тиісінше, 2013 жылға дейін айналымға шығарылған нибрас қорытпасынан жасалған айналым монеталары нумизматикалық нарықта жоғары сұранысқа ие болуы мүмкін.
Барлық монеталар заңды төлем құралы және Қазақстан Республикасының барлық аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аудару үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануы қажет, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп хабарлады Ұлттық Банк.
Видео авторы, қарағандылық коллекционер Алексей Черакаев 1997 жылы шығарылған теңгелік монеталарды неге сатып алатынын түсіндірді.
"Бұл қарапайым монета. Композиция қалған шығарылған жылдармен бірдей. Жалғыз құндылығы - осы жылғы монеталардың көп бөлігі айналымнан шығып кетті. Кейбірі жоғалды, Ұлттық Банк кейбірін қайта балқытуға қайтарып алды. Ал бүгінде 97-жылғы монетаны табу қиын, әсіресе 1 теңгені. Сондықтан ол коллекционерлер арасында бағаланады", - деп түсіндірді Алексей Черакаев.

15 қараша 2020 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031