» » «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ӘКК-на жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ӘКК-на жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды

2022 жылы 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Атамекен» Қызылорда кәсіпкерлер палатасы алаңында "Байқоңыр (Байқоңыр) "Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмысының нәтижелері талқыланды.
Шараға департамент өкілдері, "Байқоңыр (Байқоңыр) "Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының басшылық құрамы, Қызылорда облысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелері және өңірдің жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Іс-шара барысында сыртқы талдау нәтижесімен анықталған тәуекелдер мен оны жою бойынша берілген ұсыныстар талқыланды.
Мәселен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті есептен шығару кезінде тәуекелдер орын алған, яғни тауар жеткізілгеннен кейін 3 айдан астам уақыт өткеннен кейін ӘКК өнімдердің бір бөлігі дұрыс сақталмау салдарынан жарамсыздығы анықталып, есептен шығарылған.
Атап айтқанда, 2021 жылы басты пияз - 288 тоннаның - 204 тоннасы (барлық дерлік көлемі) немесе 11 млн. теңгеге, сәбіз - 80 тоннаның - 44 тоннасы (жартысы) немесе 2 млн.теңгегежәнеқырыққабат - 15 тоннаның - 6 тоннасынемесе 553 мың теңгеге жарамсыз ретінде есептен шығарылған.
Сонымен қатар өткен жылы картоп пен сәбізді ӘКК-мен жалпы 39 млн.теңгеге қымбат алынғаны да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын алатын өнім берушіні таңдау мәселесіне де сұрақтар туындатады.
Бұларөзкезегіндекарантиндікмерзімде ӘКК-мен әлеуметтікмаңызыбар азық-түлік өнімдерін тиісінше сақтауға шаралар қабылдамағандықтан немесе жоғары бағамен алынуы олардың нарықтық бағасының жоғарылауына да себебі болғаны жоққа шығарылмайды.
Бұдан бөлек, ӘКК-да кадр мәселесі бойынша, яғни жұмысқа қабылдау барысында ашықтық қамтамасыз етілмегендігі жеткізілді.
Жиын нәтижесінде ӘКК-нің басшылығымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде қабылданатын және алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеуге жүйелі шаралар жүргізілетіні жеткізілді.
03 қазан 2022 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930