Түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Қармақшы Аудандық Орталық Аурухана ЖДО психологы және СӨСҚ мамандарының 2022 жылдың 20-27 қыркүйек аралығында жалпы білім беру мекемелерінде, аудандық прокуратурамен, ішкі істер органдарының инспекторларымен, ішкі саясат,жастар ресурстық орталығының мамандары және білім бөлімінің мамандарының қатысуымен бірлесіп "Зорлық зомбылықтың алдын алу", "Құқық бұзушылықтың алдын алу", "Өзіне сенімділкті арттыру", "Жақсы қарым-қатынас жасау" дағдылары және "Салауатты өмір салтын қалыптастыру" тақырыбында, жоғары сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Психолог жұмысының басым бағыттарының бірі мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын нығайтып, қолдау көрсету арқылы жасөспірімдерімізге психологиялық кеңестер беру, мектепте қолайлы психологиялық климатты калыптастыру. Оқушыларға профилактикалық іс шаралар өткізу кезінде, психологиялық тренингтер, дәрістер, дөңгелек үстел жасалып, кеңестер берілді. АТМ-дар таратылды. Атап айтсақ ауыл мектептерінде №106, №107, №177, №108-ші, №28-ші мектептерде, кент орталығындағы нөмірі №30, №250, №26, №105, №27, №183 орта мектептерде мобильді топпен салааралық бірлескен кездесу өтті.
Қазір жаңа оқу жылы басталып,оқушылар мен жасөспірімдердің көп шоғырланып, уақыттарының біршама бөлігі мектеп қабырғасында,оқу орындарында өтетіндіктен түсіндірме жұмыстары мен алдын алу шаралары жоспарлы түрде жасалынады. Бала тәрбиесі, білім алуымен қоса, құқығын қорғау мен денсаулығын сақтау басты назарда болады.