» » Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді

Kyzylorda-news.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Конструктивті және достық жағдайында өткен кездесуде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешудің ұжымдық әдістерін әзірлеуге бағытталған күш-жігерге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін жоғары бағалап, оның 2023 жылы «Болашақ саммитін» шақыру туралы бастамасын толық қолдайтынын жеткізді.
Президент осы маңызды жиынның қорытындысы Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тараптар Мемлекет басшысының Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ хабын құру бастамасының жүзеге асырылу барысын қарастырды. БҰҰ Бас хатшысы бұл маңызды бастаманы қолдайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
21 қыркүйек 2022 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930