» » «Ұлттың ұлы ұстазы»

«Ұлттың ұлы ұстазы»

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Осыған орай «Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында тәрбиелік шара өткізді.
Қазақ тіл білімінің негізін салушы,халқын «Маса» боп шағып,оятып,оқу-білімге шақырған қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған–атасы Шошақ.
Ол Пушкин, Лермонтов, Надсон өлеңдерін қазақшаға аударды. Байтұрсынұлының хоббиі-қолына фотокамера ұстап, өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз қалпында суретке тарту. Ахмет Байтұрсынұлы қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Кешімізді Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтады. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.
21 қыркүйек 2022 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 132

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930