» » Ұлт ұстазы ұлықталды

Ұлт ұстазы ұлықталды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Ол онлайн форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар тіл туралы бір өлең және А.Байтұрсынұлының шығармашылығынан бір өлең жатқа оқып, сынға түсті. Байқауда бақ сынаған 13 қатысушының арасынан үздіктері жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдеге ақжарлық Асылзат Сабитова лайық деп танылса, І орын қармақшылық Азамат Зұлқарнаевқа бұйырды. ІІ орынды байқоңырлық Жаннұр Ағытаева жеңіп алса, ІІІ орынды қызылтамдық Нұрсұлтан Елеусізов пен төретамдық Ақерке Тұрсынбековалар иеленді. Ал «Тіл жанашыры» номинациясы Аяулым Есманбетова мен Шұғыла Ноянға табысталды. Байқау жеңімпаздары Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде марапатталды.
«Қт» ақпарат
10 қыркүйек 2022 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 916
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930