» » Күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық тексерілді

Күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық тексерілді

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Рустам Ақбаров пен департамент офицерлері 2022 жылдың қыркүйегінде жергілікті әскери басқару органдарының басшылық құрамымен оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу жоспарына сай Қызылорда гарнизонына келді.
Ақпараттық-түсіндіру сипатындағы іс-шара Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен басқармасы жеке құрамының саптық байқауын тексеруден басталды. Оқу-жаттығу жиынының өту жоспары мен мақсаты жеткізілді. Арнайы сұхбаттасулар болып, сауалнамалар өткізілді және әскери қызметшілердің шағымдары мен өтініштері қаралды. Сонымен қатар, полковник Рустам Ақбаров Қызылорда облыстық жиын пунктінде болып, ондағы жасақтау басқармасының қызмет барысымен танысты. Жатар жай, асхана және психологиялық тест қабылдау бөлмелерін аралап, күзгі шақырылым бойынша жұмыс атқарып жатқан медицина қызметкерлерімен кездесті.
Тексерістің негізгі мақсаты жергілікті әскери басқару органдарының қызметіне баға беру, 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанын қорытындылау мен алдағы әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Тексеріс барысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелері талқыланды. Жергілікті әскери басқару органдарындағы әскери ұжымның моральдық-психологиялық ахуалы мен жергілікті әскери басқару органдары басшылық құрамының алдағы лауазымдық тағайындауларын айқындау мақсатында олардың жеке моральдық-іскерлік қасиеттері зерделенді.
 – Алдымызда көктемгі шақыру науқанын ескере отырып, ағымдағы жылдың күзіндегі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу міндеттерді тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданыстағы нормаларын жеткізу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын түсіндіру жұмыстары да жоспарымызда бар, – деді полковник Рустам Ақбаров.
Тексерістің соңғы кезеңінде сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне байланысты Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Қызылорда қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшылық құрамы тарапынан билікті асыра пайдалану жағдайлары мәселелері бойынша жеке құрамға жасырын сауалнама жүргізілді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
20 қыркүйек 2022 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 342

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930