» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов, Қармақшы аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі И.Қабатова, партия филиалының Партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Ғ.Бердекеев Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде орналасқан сауда орындар мен азық-түлік дүкендерге, дәріханалар мен жанар-жағар май құю бекеттеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Азық-түлік тауарларының бағасына жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ тарапынан кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасын негізсіз қымбаттатқан жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы жөнінде ескертілді.
Жанар-жағар май құю бекеттерінде дизель отынының тапшылығы бар екендігі анықталды. Кейбір бекеттерде талонмен ғана сатылымда бар.
Дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты, алайда кейбір дәрілерге тапшылық байқалады.
Төретам кенті мен Ақай ауылдық округі аумағындағы сауда орындары мен дүкендерге, дәріханалар мен жанар-жағар май құю бекеттеріне мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
09 қыркүйек 2022 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 083
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 672

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031