» » Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі – сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Сондықтан да оны болдырмау, алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шара жос- парланып, жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізуде. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Осы мақсатта аудандағы «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және No10 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Келелі кездесуді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты А.Төлебеков жүргізді. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Назарқұлов сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жеткізді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы азаматтарынан адалдықты, шындықты, заңдылықты сақтауды, жауапкершілікті талап ететінін айтты.
Кездесуде сыбайластықтың соңы немен аяқталатындығы, зияны мен кесірі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Қт» ақпарат
06 қыркүйек 2022 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 382
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930