» » Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі.
Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.
Сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Осы мақсатта бүгін «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында кездесу болып өтті. Келелі кездесуді «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты А.Тулебеков жүргізіп отырды.
Кездесу барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Назарқұлов өз кезегінде сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан Республикасы азаматтарынан адалдықты, шындықты, заңдылықты сақтауды сонымен қатар жауапкершілікті талап ететіндігін атап өтті. Аталған кездесу барысында сыбайластықтың соңы немен аяқталатындығы, зияны мен кесірі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
29 тамыз 2022 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930