» » Қуанса, бала қуансын

Қуанса, бала қуансын

БАЛА – ОТБАСЫНЫҢ КӨЗ ҚУАНЫШЫ, ӨМІР ҚЫЗЫҒЫ. ЕРТЕҢГІ КҮНІ БАЛА ЕР ЖЕТІП, ОТБАСЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫСЫНА АЙНАЛАДЫ. БАЛАҒА ЖАСТАЙЫНАН ДҰРЫС ТӘРБИЕ БЕРІП, ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАҒАЛАУҒА ҮЙРЕТУ – АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ. ОДАН БӨЛЕК ҚОҒАМ ТАРАПЫНАН ДА БАЛАНЫҢ ДҰРЫС ЖЕТІЛІП, ДҰРЫС ӨСУІНЕ ҮЛКЕН МӘН БЕРІЛЕДІ.
Еліміздің келешегі болар балаларды тек мерекесінде ғана емес, күн сайын қуанту – қоғам алдында тұрған үлкен міндет. Осы орайда, қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, қолынан келген көмегін көрсетуге әзір «Демеу» еріктілер тобы жаңа оқу жылы жақындаған тұста балаларды тағы бір қуантты. «Мектепке жол» акциясы бойынша кәсіпкерлердің қолдауымен биыл мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бірінші сыныптың 10 оқушысына оқу құралдары салынған сөмке табыстаса, 2 жасөспірім оқушыға толық мектеп формасын сыйлады.
– Балаларды қуанту – зор бақыт. Бала өсіріп отырған әрбір ана оның жүзінен әрдайым қуанышты көргісі келеді. Біз тек оған себепші болдық. Осы орайда осындай игі бастамаға демеушілік танытып, көмек көрсеткен Қызылорда қаласындағы ХТ ПТ МЕКЕН и К ГОРСЕРВИСПРОЕКТ мекемесіне, Бахыт Жүсіпов мырзаға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын таба бермек. Біздің мақсатымыз – көптің жүзіне қуаныш сыйлау. Үлкеннің де, кішінің де қоғам назарынан тыс емес екенін сездірту, – дейді еріктілер тобының жетекшісі Әсем Мерекова.
Сондай-ақ аталған еріктілер тобы балалардың демалысын сапалы әрі тиімді өткізуі үшін Қорқыт ата мемориалды кешеніне апарып саяхат жасатты. Бүлдіршіндер Қорқыт кім болғаны туралы ақпарат алып, ондағы музейдегі әрбір жәдігермен танысты. Балалардың арасында Қорқыт кешеніне алғаш рет барғандары да болыпты. Олар үшін ерекше, танымға, тәтті естелікке толы күн болғаны рас. Аудан еріктілері балаларға тәтті таратып, қойған сұрақтарына жауап беріп, музей қызметкерлерімен бірге кешен ішін аралатты.
Иә, «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Бұл күндері балалардың қуанышында шек болмай, бүлдіршіндер үлкендер қамқорлығына бөленді. Бала қуанса, әлем де бірге қуанады. Олардың қуанышын ұзағынан сүйіндіру біздің басты міндетімізге айналуы тиіс. Қоғамның әрбір мүшесіне құрметпен қарайтын осындай қамқор жандардың қатары көбейсе дейміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
03 қыркүйек 2022 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930