» » Жалбырторы жеңіс жолында

Жалбырторы жеңіс жолында

Біз, ертеден ат жалын тартып өскен, тұяқ дүбірі естілсе қаны тулайтын қазақпыз ғой. Бәйге мен көкпардан хабар келсе, жолдың қашықтығына қарамай асығып жететін жұртпыз. Ұлы атқа мініп, көкпар шапса тақымын қысып, тілеуін тілеп отыратын ұрпақтың өкілі екенімізді орынды мақтаныш етеміз.
Жылқы болған жерде бәйге де бар деген. Жақында «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында облыста ат бәйгесінің көне де танымал түрлерінің бірі – бәйгеден жарыс өткен-ді. Қазақстанның спорт күніне орай ипподромда «Сыр алтын тайы» және «Сыр алтын құнаны» атты ат жарыстары дүбірлетті. Бәйгені ұйымдастырушы – облыстық бәйге федерациясы. Жарыстың екі түрін өткізудегі басты мақсат – өңірімізде туып өскен тұлпарларды дамыту.
Айтулы жарыста ауданымыздың аты шығып, мерейі үстем болды. Дүр Оңғар ауылының атбегісі Айбол Ыбраевтың Жалбырторы есімді тұлпары мәре сызығын бірінші кесіп, «Сыр алтын құнаны» бәйгесін жеңді. Жалпы бәйгенің екі түрі бойынша барлығы 57 ат қатысса, соның ішінде алғашқы бес орынды иеленген аттар республикалық жарыстарға қатысады. Міне, Айболдың бәйгеге баптаған жылқысы 10 қыркүйекте Атырау облысы, Миялы ауылында өтетін «Қазақстанның алтын құнаны – 2022» жарысына жолдама алды.
– Ат баптап, жылқы жарату Сәрсен атамнан келген қасиет. Ол кісі осы ауылдың тумасы, елге белгілі атсейіс болған. 1972 жылдары астындағы Сәрсенторы есімді атымен ауданның атын шығарып, талай бәйгенің алдын бермеген. Одан кейін атамның ізін жалғап, бала күнімнен атқа шаптым. Облыс, ауданда өткен аламан бәйге, тай жарыстарға қатысып, жоғары орындардан көріндім. Бұрын жабы, қазақы аттармен шапсам, 2014 жылдан бері таза қанды жылқыға ауысып, тай алып, содан бері құлтума өсіріп келемін. Қазір жеке үйірімде араб, ағылшын тұқымды жылқылар бар. Биылғы жылы өткен жарыстарда Мерей және Жалбырторы есімді екі атым топ жарып жүр, – дейді атбегі Айбол Ыбраев.
Атты күтіп баптаудың қыр-сыры көп. Ол үшін жылқының жан дүниесін, жай-жапсарын жақсы білуің керек. Жүйріктің табиғатына, бітіміне, сипатына байланысты оны жарату, баптау әдістері әр алуан болады. Өйткені, қазақы жылқының ішінде әртүрлі жаратуды сүйетіні бар. Бәрін бір тәсілмен баптау қате. Себебі әрбір ат бір-бір әлем. Оның табиғи мінезі, баптау ерекшелігі бір-біріне ұқсамайды. Сол сияқты әрбір атбегінің ат баптау әдіс-тәсілі әр басқа.
– Сырдың аймағы күріштік жер, дарияның жағасы болғаннан кейін маса, сона көп болады. Сол үшін жазды күндері таңғы сағат төрттен жетіге дейін атты мініп, жаттығуын береміз. Яғни, бірінші ащы терісін алып, тынықтырамыз. Мерей мен Жалбырторыны құлын кезінен Мерке ауданынан алып келдім. Қуанышыма орай екеуі де таңдауыма жақсы келді. Мерей атым сәл қызбалау. Оған көбіне ағамның баласы шабады. Аудан аралық, ауыл ішіндегі жарыстарда бірінші орынды бермеді. Ал Жалбырторы ұзаққа шабатын болғасын көбіне үлкен бәйгеге сақтаймын. Кешегі өткен облыстық құнан бәйгеде үмітімді ақтап, көптен күткен алтын жабуды жеңіп алды. Бұл атқа ұлым Дінмұхаммед машықтанған. Жалпы жылқының бәйгемен оралуы шабандозға да байланысты. Атты шабатын жерде оятып, тынығатын жерде тартып отыру керек, – дейді ол.
Айбол Тәңірбергенұлы батыс аймақта өтетін бәйгеге әлден атын дайындауда. Себебі барар жол ұзақ, жылқының жағдайын жасау қажет. Осындайда жануарды жеткізетін көліктің ыңғайы болса дейді ол алаңдап.
Қазақ баласы атқа шапса тақым қысып, тілеуін тілеген. Алдағы жарыс жолында сәттілік серік болғай.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
31 тамыз 2022 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031