» » Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?

Еңбек өтілі көп мұғалімдер зейнетке ерте шыға ала ма?

Білім саласында ұзақ жыл істеген ұстаздар зейнетке ерте шығып жатса, министрлік оған тек қуанады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Нұр Отан" партиясында өткен қоғамдық қабылдаудан кейін журналистер білім министрі Сағадиевтен "бар ғұмырын білім саласына арнаған ұстаздарға зейнетке ерте шығуға мүмкіндік беретін норма енгізілуі мүмкін бе?" деп сұрады.
"Бұрын мұндай жүйе болған. Бірақ мұнда тек мұғалімдер ғана емес, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, шекарашылар, тағы басқалар бар ғой. Біз министрлік ішінде бұл мәселені қарастыра алмаймыз. Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің белсенді араласуымен үкімет деңгейінде қаралатын дүние. Қаралған кезде де, тек мұғалімдер ғана емес, барлық категория назарға алынады. Егер осындай норма енгізілсе, біз тек қуанамыз", — деді Сағадиев.
19 сәуір 2018 ж. 1 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031