» » Мектеп мұғалімдері министрлік бекіткен бес құжатты ғана толтыруы тиіс – БҒМ

Мектеп мұғалімдері министрлік бекіткен бес құжатты ғана толтыруы тиіс – БҒМ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдеріне 2018 жылдың қаңтарынан ведомства бекіткен бес құжатты ғана толтыру міндеттелетінін, ал қалған құжаттарды министрлік заңсыз деп танитынын айтты. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында мұғалім мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды. Күн тәртібінде мұғалімдердің қағазбастылық мәселесі көтерілді.

«Мұғалімдер көптеген құжат толтырады деген бізде мәлімет бар. Біз министрлік ретінде мұғалімдерге өздері тапсыруы тиіс деген құжаттарды ғана толтырсын деген бұйрыққа қол қойдық. Министрлік мектептердің әртүрлі құжатты ойлап тапқанын құптамайды. Ондай құжаттар не үшін керек? Әрине, керегі жоқ. Бұрыннан келе жатқан тиісті құжаттар бар, мысалы журналға баға қою, күнделікті жоспар, күнтізбелік тақырыптық жоспар деген сияқты құжаттарды ғана жүргізу керек. Қалған құжаттарды біз заңсыз деп танимыз», - деді ол.
Министрлік мұғалім толтыруы тиіс бес құжатты анықтап, 2019 жылдың қаңтарынан бастап бекітті.
«Мұғалімдер жүргізуі тиіс құжаттар санын реттедік. Басқа құжаттарды толтыруға қатаң тыйым салынады. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ сайынғы жоспар, мектеп журналы, күнделік және жиынтық бағалау деген бес құжатты жүргізеді. Қандай да бір мектептердің директорлары бекіткен басқа да құжаттар болса біз оларды заңсыз деп санаймыз», - деді ол.
21 ақпан 2018 ж. 1 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930