» » «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда

«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда


Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты әскери бөлімі басқармасы жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында іс-шара ұйымдастырды.

Бөлім командирі капитан Жанболат Әкенов және бөлімнің басқа да әскери қызметішілері аталған қайырымдылық акциясына белсене атсалысты. Бөлім басшылығы бөлімдегі көп балалы әскери қызметшілердің отбасыларына барып, мектепке баратын балаларға оқуға қажетті барлық құралдарын алуға көмек қолын созды. Балаларға қажеттіліктерін тапсыру барысында әскери қызметшілер балаларға алдағы оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтауларына, спортпен шұғылдануларына кеңес беріп, жақсы тілектерін білдірді.
Акция барысында материалдық және моральдық көмек қолын созған жауынгерлерге көп балалы ата-аналар мен балалар өз алғыстарын білдірді.
- Мұндай қайырымды істер әскерилерге елге қызмет етумен бірге жүретін үлкен міндет. Тек жұмыста ғана емес, басқа уақыттарда да бір-бірімізге жанашыр болуымыз керек. Алдағы уақытта да, біз жауынгерлер, кез-келген жақсы іс-шараларға атсалысуға дайынбыз, -дейді әскери бөлім командирінің орынбасары аға лейтенант Ақылбек Болат.
Қызылорда гарнизонында «Балалар жылы» аясында балаларға арналған басқа да көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
25 тамыз 2022 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930