» » Неонатологтар тәжірибе алмасты

Неонатологтар тәжірибе алмасты

Неонатальды көмекті қажет ететін науқас нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық құрылымының неонатолог дәрігері Толықбаев Талғат Жорабекұлы Қызылорда облыстық перинаталдық орталығына келіп, неонатолог дәрігерлермен кездесу өткізіп, тәжірибе алмасты.
Талғат Жорабекұлы нәрестелер жансақтау бөлімшесін аралап, жұмыстарымен танысып, ауыр жағдайдағы сәбилердің жағдайларын талқылады.
Тәжірибе алмасу жоғары жиілікті осцилятор әдісімен тыныс алуды қолдау, балалардағы жедел бүйрек жетіспеушілігінде интенсивті емдеудің ерекшелілігі, балаларда орталық венаны катетерлеу әдісін ультрадыбыстық бақылау, шоктар, респираторлы көмек тақырыбындағы дәрістерге жалғасты.
Экстремальды төмен және өте төмен салмақты нәрестелерді күтудің принциптері, ана сүтімен тамақтандыруды насихаттау және оны ұстану қағидаттары туралы да тарқатты.
16 тамыз 2022 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031