» » Ақжар ауылындағы ауқымды жұмыстар

Ақжар ауылындағы ауқымды жұмыстар

Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов Ақжар ауылдық округінде есепті кездесу өткізді. Алдымен осы елді мекендегі күрделі жөндеу жұмысынан өтіп жатқан №28 орта мектептің жұмысымен танысып, мердігерге білім күніне дейін тиянақты бітіруді тапсырды.
Аудан басшысы ауылдық клуб үйінде, ауыл тұрғындарымен кездесуінде, жалпы ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерін айта отырып, Ақжар ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Ақжар ауылы бойынша, №28 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатса, келер жылға дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізу мақұлдануда.
«Ұзақ жылдардағы стратегиялық жоспарларға иек артатын болсақ, дарияны кесіп өткізу арқылы, «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізінің бойында жатқан елді мекендерді газдандыру мәселелері қозғала бастады, бұл үшін жобалау құжаттамалары демеушілердің көмегімен жасалуда. Осы құжаттамалар, мемлекеттік сараптамадан өткен жағдайда, аталған ауылдарды газдандыруға мемлекеттен қаржы сұралатын болады» -деді аудан әкімі.
Кездесу соңында, ауыл тұрғындарының талап тілегі бойынша ұсыныстарын тыңдап, жауаптарын берді.
Ауыл ардагерлері өз кезегінде, аудан басшысына алғыстарын білдірді.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

03 тамыз 2022 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930