» » Қармақшыда бидайға алғашқы орақ түсті

Қармақшыда бидайға алғашқы орақ түсті

Бүгін Дауылкөл ауылдық округіндегі «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында бидайға алғашқы орақ түсті.
Алғашқы орақ салу рәсіміне аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және жергілікті ардагерлер мен дихандар қауымы қатысты.
Аудан басшысы өңірдің экономикалық дамуында ауылшаруашылығының алатын орны ерекше екенін тілге тиек етіп, жыл сайын егіннен мол өнім жинап, ауданның мерейін тасытып жүрген “Тұрмағамбет” ЖШС дихандарына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай- ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков пен бірқатар ардагерлер ізгі тілектерін жеткізіп, батасын берді.
Айта кетейік, «Тұрмағамбет» ЖШС бойынша биыл 1700 гектар күріш дақылын, 50 гектар жаздық бидай, 267 гектар жоңышқа дақылын, 301 гектар ескі жоңышқа, 237 гектар мақсары орналастырылды.
Бүгінгі таңда ауыл бойынша егін орағына қатысатын 28 трактор, «МагДон» (жатка) 5 дана, комбайн 6 дана, арнайы техникалар 12, трактор тіркемесі 22 дана толықтай жөндеуден өткізіліп, егіс алқаптарында жұмыс атқаруда.
15 шілде 2022 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930