» » Ұлық мейрамда баспана кілті табысталды

Ұлық мейрамда баспана кілті табысталды

Ислам дінінде қастерлі екі мереке болса, соның бірі және ұлығы – Құрбан айт. Мерекенің сонау пайғамбарлар атасы саналатын Ибраһим пайғамбардың әулетінен бастау алады. Тарих пен тағылымды ұштастырған қасиетті мерекенің құндылығы сонау тереңде. 3 күнге созылған бұл айтта мұсылмандар бір бірімен жақындасып, ренжіскендер татуласып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, мейірім мен ізгілік насихатталады.
Құрбан айттың негізгі мақсаты – Алла разылығы үшін құрбандыққа мал шалу. Ең алдымен құрбандық шалудың мәнісін кеңінен ұғынып, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Сонымен қатар Құрбан шалу – Құдайға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, шүкір ету үшін жасалуы міндетті.
Діни дәстүрге сай аудандағы «Қармақшы ата» және «Ораз ахун» мешіті ұлық мерекені атап өтті. Азанғы сағат 6-да жамағат айт намазын оқып, Жаратқанға құлшылық жасады. Мұнан соң мешіт жамағаты бірігіп 3 ірі қара малды құрбандыққа шалды. Ал оның етін тұрмысы төмен және көп балалы отбасыға үлестірді. Сонымен қатар құрбандық шалуға ниет еткен жандар да мешітке келіп малын шалды.
Ұлық мереке құрбандық шалумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Барша мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, өзара мейірімді болуға шақырады.
Естеріңізде болса ақпан айында Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы «Зекет корпоративтік қоры» Қармақшы ата мешіті «Ел үлесі пәтерге» жобасы басталған-ды. Онда мешіт жамағаттары және «Жосалының жомарт жандары» атты челленджде ел ағалары өз үлестерін қосты. Міне, қасиетті Құрбан айтта «Ақтілек» мейрамханасында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов көп балалы отбасы Сәулебек Қамысбаевқа баспана кілтін табыстады.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
12 шілде 2022 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930