» » Кәмелетке толмағандардың еңбегі қаралуда

Кәмелетке толмағандардың еңбегі қаралуда

Жасы 18-ге жетпеген адамдар кәмелетке толмағандар болып есептеледі. Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады.
ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Еңбек шарты:
1) Орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, 15 жасқа толған азаматтармен;
2) Оқудан бос уақытта, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен. Еңбек шартына кәмелетке толмағандармен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс;
3) Кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толмағандармен еңбек шартын жасалуы мүмкін.
Осы бағытта және Қармақшы аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы талабына сәйкес, Қармақшы АПб ЖПҚб ювеналды полиция қызметкерлерімен Жосалы кенті орталығында орналасқан көлік жуу, жөндеу орталықтары, мейрамхана және дүкен иелерімен бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

11 шілде 2022 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 986
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031