» » Қармақшыда жол жөндеу жұмыстары жүйелі атқарылады

Қармақшыда жол жөндеу жұмыстары жүйелі атқарылады

Аудан басшысы Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысымен және аудандық ардагерлер, аудандық қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге Жосалы кенті орталығындағы жөндеуді қажет ететін көшелердің жай-күйімен танысты.
Биылғы жылы Қармақшы ауданында 115 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, тиісті қаражатты бөлуге республикалық бюджеттік комиссияға өтінім жолданды. Осы ретте, алдағы жылы жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, аудандағы инфрақұрылымның жүйелі дамуына ықпал етпек.
Оған дейін, биылғы жылы жергілікті тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге сәйкес жөндеуді бірінші кезекте қажет ететін 15 көшеге орташа жөндеу және құм аралас қиыршық тас төсеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталды. Таяу арада жергілікті тұрғындардың көптен күткен талап-тілектері орындалып, жаңа жолдың игілігін көретін болады.
Сонымен қатар, аудан әкімі қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан Шығыс каналына темір бетонды латок орнату және Тайшық би көшесін абаттандыру жұмыстарын бақылап, тиісті сала басшыларына жұмыстың сапалы және мерзімінде атқарылуын бақылауда ұстауды тапсырды.
03 шілде 2022 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031