» » Қармақшы ауданы көлемінде «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Қармақшы ауданы көлемінде «Заңсыз келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қармақшы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2022 жылдың маусым айының 27-і мен шілде айының 04-і күндері аралығында аудан аумағында шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау мақсатында, «Заңсыз келуші-2022» жедел профилактикалық іс шарасы өткізіледі.
Іс шараның негізгі мақсаты көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерді, заңсыз көші-қон арналарымен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар ҚР-на келіп кетуі мен ҚР-да болу ережелерін сақтау болып табылады.

Қармақшы АПБ-ның
Көші-қон қызметі тобы

27 маусым 2022 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930