» » Акция аясында ауданымызда фестиваль өткізілді

Акция аясында ауданымызда фестиваль өткізілді

Биыл үкімет тарапынан үлкен қаулымен 2022 жылға арналған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы бекітілген болатын. Осы жобаны жүзеге асыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялануына орай, Қармақшы ауданы Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ағымдағы жылдың маусым айының 17 жұлдызында аудандық аналар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ана мен бала денсаулығы – ұлт болашағы» тақырыбында фестивалі өткізілді. Іс-шараға: мүдделі мемлекеттік огандар (білім, мәдениет, денсаулық, әлеуметтік қорғау салалары) және әлеуметтік-мәдени бағытта жұмыс істейтін азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
«Ана мен бала – ұлт болашағы», ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Ұлт байлығы десе де артық емес. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні. Бұл ана мен бала денсаулығының қандай болғанына тікелей байланысты. Оқу, білім алу, үйрену, немесе біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек. Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметттік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз!

Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

17 маусым 2022 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 329
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031