» » Балаларды қорғау күні аталып өтті

Балаларды қорғау күні аталып өтті


«Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке.

Аталған мерекеге орай ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов ардагерлер және шаруашылық басшыларымен бірге округтегі "Достық", "Бадинур" балабақшаларына және үйден әлеуметтік қызмет көрсетілетін балалардың шаңырағына барып мерекелерімен құттықтады. Ауыл әкімі елімізде балалардың көңілдерін кір шалмай, алаңсыз оқу оқып, балалық балғын шақтарын бақытты өткізу үшін барлық жағдайлар жасалып отырғандығын атап өтіп, балаларға мықты денсаулық, мол бақыт тілеп, ойыншықтар мен тәттілерді үлестірсе, ардагерлер кеңесінің төрағасы балаларға ақ батасын берді.

Сондай ақ, бұл күні орталық алаңда «Бала бақыты бәрінен биік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиында балабақша тәрбиеленушілері мен жас өнерпаздар ән айтып, би билеп өз өнерлерімен жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік шара соңында барлық балаларға тегін балмұздақ пен тәттілер таратылды.

02 маусым 2022 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031