» » Кредит алған қазақстандықтар саны өсті

Кредит алған қазақстандықтар саны өсті

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
«Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі бір айда 8 016,1 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға 11 383,4 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға өсті. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 637,6 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9%-ға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды», – делінген ҰБ сәуір айындағы қаржылық көрсеткішінде.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы сәуірде 4 039,8 млрд теңгеге дейін 10,9%-ға (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінен 50,4%) төмендеді. 2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2% (2021 жылғы сәуірде – 11,6%), жеке тұлғаларға – 17,3% (17,3%) болды.
30 мамыр 2022 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 220

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930