» » Аудан әкімі Қармақшы, Қызылтам елді мекендеріне барды

Аудан әкімі Қармақшы, Қызылтам елді мекендеріне барды


Аудан басшысы Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы сенбі күні Қармақшы, Қызылтам елді мекендеріне жұмыс сапарымен барды.
Алдымен «Ауылым – Абыла» шаруа қожалығының төрағасы Шырынкүл Күзенбаевамен кездесіп, жұмыстарымен танысты.
Әрі қарай, Қызылтам стансасы тұрғындарының талап-тілектерін тыңдап, елді мекенді су тасқынынан қорғау мақсатында салынған бөгеттің қажеттілігін жауапты мамандарға нақтылауды тапсырды.
Сондай-ақ, Қызылтам елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын жөндеуден өткізу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленгендігін және алдағы уақытта республикалық бюджеттен қаржы сұралатынын айтты.
Сонымен қатар, іссапар барысында «Сарыжылуан» каналын қалпына келтіру және су деңгейін арттыру жұмыстарымен танысып, сала мамандарымен жайылымдық жерлерге су жеткізу мәселелерін талқылады.
Сапар соңында Қызылтам стансасы аумағында асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен айналысатын «Әбілда ата» шаруа қожалығының төрағасымен кездесіп, жұмыстарымен танысты.
11 сәуір 2022 ж. 1 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031