» » Қазақстанда танымал кинотеатрлар желісі жабылады

Қазақстанда танымал кинотеатрлар желісі жабылады

Ресей арқылы жұмыс істейтін шетелдік кинокомпаниялардың Қазақстанға фильм беруден бас тартуына байланысты Kinopark-Kinoplexx кинотеатрлар желісі белгісіз мерзімге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актриса, продюсер Құралай Анарбекова Instagram-да Kinopark Multiplex Cinemas бас директоры Алмаз Малдыбаевтың мәселеге қатысты түсіндірме беретін видеосын жариялады.
 “Иә, өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартуда. Яғни, 1 сәуірден бастап кинотеатрларда көрсетер ештеңе жоқ. Сондықтан Kinopark-Kinoplexx компаниясы 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге дейін жабылуға мәжбүр. Өкінішті, әрине. Бірақ бұл шындық", - деді кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев.
Айта кетейік, Голливуд студиялары Украинадағы жағдайға байланысты Ресейде фильмдерді прокатқа шығарудан бас тарта бастады. Мұндай шешім туралы Walt Disney Company, Sony, Netflix, Warner Bros студиялары жариялады.
07 наурыз 2022 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031