» » Қазақстандық кинотеатрлар 1 ақпаннан бастап жабылмақ

Қазақстандық кинотеатрлар 1 ақпаннан бастап жабылмақ

Кейбір қазақстандық кинотеатрлар прокатқа шығаратын фильмдердің болмауына байланысты жабылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан кинотеатрлары иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, елімізде барлығы 70-ке жуық кинотеатр бар, оның 32-сі қауымдастық мүшелері. Кәсіподақ кинотеатрларды жабу туралы мәселені бір күн бұрын талқылады. 
"Пандемияға байланысты көптеген Голливуд студиялары алдыңғы жылдың қысы мен көктеміне жоспарланған фильмдерінің премьераларын 2021 жылдың күзіне қалдырды. Сондықтан жақын арада көрсететін ештеңе қалмайды. Қазақстандық өндірушілер де өздерінің премьераларын кейінге қалдырды", - деді ол.
Ягудина Ресейдің фильмдері көрсетіліп жатқанымен, қазақстандықтардың сұранысы төмен екенін айтады. 
"Қазір ресейлік туындылар көрсетілімде. Бірақ, өкінішке орай, біздің қазақстандық көрермендер орыс фильмдерін көруге онша құлшыныс танытпайды. Ресейлік әріптестеріміз фильмдерін бізге жалға беруде. Бірақ бұрынғыдай танымалдылыққа ие емес", - дейді ол.
Ол 16 қазақстандық фильм прокатқа дайын екенін мәлімдеді.
"Қазақстандық фильмдер көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие. Сөреде жатқан түсірілген фильм бар, продюсерлер оны көрсеткілері келмейді. Кинотеатрлар ашылғаннан кейін біз қазақстандық үш фильмді көрсеттік. Олар жақсы жұмыс істеді және жақсы кассалар жинады", - деді Мунира Ягудина.
Қауымдастық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кинотеатрларды 1 ақпаннан бастап үш айлық мерзімге жабу мәселесі талқылануда.
"Бұрын Голливуд киносы қазақстандықтарға үлкен касса жинауға мүмкіндік бермейді деген әңгімелер үнемі айтылып келген. Ал қазір Голливуд кинолары жоқ, ал біздікілер прокатқа өз кинотуындыларын шығарғысы келмейді. Мұның барлығы шектеу шараларына байланысты. Қазір кинотеатрларды аштық және жаңа жұмыс режимінде жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ кино болмаса, тіпті шығынымызды төлей алмай қаламыз", - деп түйіндеді Ягудина.
Кейбір голливудтық фильмдердің премьерасы мамыр айының басында өтеді деп жоспарланған. 
Еске салсақ, Қазақстандағы кинотеатрлар 2020 жылдың наурызынан бастап жұмыс істемейді. Олар тек 2020 жылдың қазан айының соңында ашыла бастады. 
09 қаңтар 2021 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930