» » Ауылдағы ахуал немесе талап-тілектер тыңдалды

Ауылдағы ахуал немесе талап-тілектер тыңдалды

ЖЫЛ САЙЫН ӨТЕТІН ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ – ӨТКЕНДІ ТАРАЗЫЛАП, АЛДАҒЫ АТҚАРЫЛАР ШАРУАНЫ ШИРАТУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. ОСЫ ОРАЙДА ӨТКЕН АПТАДАН БАСТАП АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТ НҰРТАЙ АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ. ОНДА ӨТКЕН ЖЫЛДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЛЕГІ МЕН АЛҒА ҚОЙҒАН ҰСЫНАҚТЫ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.
Жұма күні аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы аудан орталығынан шалғай жерде орналасқан Т.Көмекбаев ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аудандағы оң өзгерістер мен атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың жағдайы және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесі үнемі назарында екенін жеткізді. Ал халықпен кездесуде ауылдық округ әкімі Нұрлан Дастанұлы «2021 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы» жылдық қорытынды есебін берді.
Жиында ауыл тұрғындары аудан әкіміне электр желілерінің сымдарын ауыстыру, интернет желісінің сапасы мен жылдамдығын арттыру, су тоспаларының құрылысын жандандыру мәселелері бойынша талап-тілегін білдірді. Ауыл ақсақалдары Жаңақала кеңшарының алғашқы директоры Қаратай Қуаңбаевтың туғанына 100 жылдық мерейтойын аудандық деңгейде атап өтуді ұсынды.
Аудан әкімі Қайрат Нұртай тұрғындардың ұсыныс-пікірін мұқият тыңдап, мәселелерді шешу бойынша ауыл әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Одан соң аудан әкімі Қайрат Нұртай Қуаңдария мен Алдашбай ахун ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есебіне қатысты. Ауыл әкімі тұрғындарға өткен жылы атқарылған барлық саладағы жұмыстардың қорытындысын баяндап, алдағы жоспармен бөлісті. Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан жайылымдық жерлерді кеңейту, қосалқы электр стансасын салу, ауылішілік көшелерді жөндеу, балабақша салу секілді бірқатар мәселе көтерілді. Жолданған сауалдарға аудан басшысы нақты жауап беріп, ауылдағы мәселелерді шешу үшін жұмыс жасайтынын, шалғайдағы ауыл тұрғындары ешқашан ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Одан соң Ақжар және Дауылкөл ауылдық округі әкімдерінің «2021 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы» халық алдындағы жылдық қорытынды есептері тыңдалды. Есепті кездесулерге аудан әкімі Қайрат Нұртай және тиісті сала басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиынға қатысқан ардагерлер ауыл халқы атынан аудан басшылығының және ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстарына оң баға бере отырып, алдағы уақытта ауылішілік көшелерді жөндеу, спорт алаңдары мен дәрігерлік амбулатория салу секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар айтты.
Аудан әкімі Қайрат Нұртай тұр­ғын­дардың ұсыныстарын жүзеге асыруға қажетті қаражат көзін қарас­тырып, кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, Дауылкөл ауылдық округінде «Тұрмағамбет» ЖШС-не байланысты, оның ішінде жер мәселесі бойынша көтерілген сұрақтарға Заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
Аудан әкімі іссапар барысында Ақжар ауылындағы «Ораз ахун ЛТД» ЖШС қолдауымен жаңадан салынған монша ғимаратының жұмысымен танысты. 15 адамға арналған қоғамдық монша қазір тұрғындар игілігіне жарап тұр.
Келесі күні ауыл әкімінің есебін тыңдау Ақтөбе ауылында жалғасты. Аудан әкімі тұрғындармен кездесуде биылғы есеп берудің еркін форматта өтетінін айтып, ашық сөйлесуге шақырды.
– Кездесудің негізгі мақсаты ауылдық округ әкімінің былтырғы атқарған жұмыстары туралы қысқаша есебін және сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдау. Сонымен бірге алдағы жоспарларымызды айқындап елдің әл-ауқатын жақсарту бағытында бірлескен іс-шараларды қабылдау. Осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту үшін нақты міндеттер қойды. Бұл мәселелер жөнінде ақпарат құралдарынан естіп, көріп отырсыздар. Алға қойған мақсаттарды орындау үшін өзіміздің құзыретіміз шегінде іс-шаралар қабылдап, оларды жүзеге асыруда бірлесіп, барлық күш-жігерімізді жұмсау қажет деп есептеймін, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң ауыл әкімі Данияр Ахметовтің есебін тыңдауға кезек берілді. Ауылдың оң өзгерістеріне тоқталған ол, былтырғы біршама көрсеткішке шолу жасады.
– Ақтөбе ауылында 2001 адам қоныс тепсе, оның ішінде экономикалық белсендісі – 1072 адам. Жұмыспен қамтылғаны – 848, жұмыс істемейтіні – 56, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 168 адам. «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 10 адам 38 млн теңгеге несие алып, 4 адам аталмыш бағдарлама аясында 2333,6 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 6 тұрғын кәсіпкерлік негіздерінде оқытылды. Жыл көлемінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 98,8 пайызды құрады, – деді ауыл әкімі өз сөзінде.
Аудан басшысы ауылдарды аралау барысында берілген тапсырмалар негізінде сұрақтар қойып, оның қаншалықты орындалғаны жөнінде жауап алды. Одан кейін тұрғындардың көтерген ұсыныс-пікірлерін тың­дады. Бүгінде ауылдың бірқатар көшелері жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Сонымен қатар электр желілері мен бағаналардың көнергені басты мәселеге айналған. Алдағы уақытта бұл мәселелердің барлығы қаражаттың қарастырылуына қарай кезең-кезеңімен орындалатынын аудан әкімі Қайрат Нұртай кездесуді қорытындылау барысында жеткізді.
Мұнан соң іссапар Жаңажол және Иіркөл ауылдық округінде жалғасты. Аудан басшысы ауыл әкімдерінің халық алдындағы есебін тыңдады. Өткен жылдың қорытындысын баяндаған олар, алдағы жоспармен бөлісті. Биыл Дүр Оңғар ауылында оң өзгерістер орын алмақ. Тоғыз көшеге тас төсеу бойынша құжаттар тапсырылса, бес көшеге жарық жүргізілмек. Сонымен қатар спорттық нысан салу жоспарда бар.
Кездесуде тұрғындар тарапынан көктемде жайылымдық жерлерді ертерек суару, көшелерді жөндеу, жарықтандыру, ойын және спорттық алаң салу, ауылға аяқ су келтіру, мал жайылымдық жерлерді белгілеу, жұмыссыздық мәселесі төңірегінде біршама ұсыныс-пікірлер айтылды. Сауалдарға аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы нақты жауап беріп, алдағы уақытта мәселені шешуге жұмыс жасайтынын жеткізді.
Алдағы күндері қалған ауылдық округтердегі әкімдер өз есебін беретін болады.

Айнұр ӘЛИ
Ерсін СӘДУҰЛЫ
15 ақпан 2022 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 167

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930