» » Қанша адам қамаудан шығатыны белгілі болды

Қанша адам қамаудан шығатыны белгілі болды

Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай түрмеде жазасын өтеп жатқан мың адам бостандыққа шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы талқыланды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.
"Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады", – деді Тұрғымбаев.
Айтуынша, қазір республикада 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында отыз төрт мың адам бар. Оның отыз мыңына  сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеуде қамауда. 93%-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45%-і оның алдында бірнеше рет сотталған. Сонымен қатар 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.
"Жоба бойынша 2 236 сотталушыға, пробациялық бақылауда тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде 1 мың адам қамаудан бостандыққа шығады, 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1294 сотталушының, пробацияда тұрған 7492 адамның жаза мерзімі қысқартылады", – деді министр.
Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі бес мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдарының жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады.
Тұрғымбаев Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса ауыр қылмыс жасаған адамдар рақымшылыққа ілікпейтінін айтты.
03 қараша 2021 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930