» » Қазақстандағы вакцинациялау қарқыны ең төмен өңірлер анықталды

Қазақстандағы вакцинациялау қарқыны ең төмен өңірлер анықталды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет отырысында халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау деңгейі төмен өңірлерді атады.


“Биыл 1 қыркүйектен бастап халықты вакцинациялау жұмыстарының ең төмен көрсеткіші Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында 10-13% деңгейінде байқалады”, – деді Тоғжанов.
Ол премьер-министр Асқар Мамин бірнеше рет өңірлерге вакцинация қарқынын жылдамдатуға тапсырма бергенін еске салды.
Алайда оның бағалауы бойынша, тапсырма тиісті деңгейде орындалмаған.
Ол өңір әкімдері вакцинация жоспарын орындамағаны үшін жауапты екенін айтты.
“Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін ескере отырып, вакцинациялауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауды, сондай-ақ вакцинация жоспарын орындамағаны үшін әкімдіктер басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту орынды деп санаймыз. Қарқын байқалмаған жағдайда әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау орынды деп санаймыз”, – деді Ералы Тоғжанов.
19 қазан 2021 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 264

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728