» » Асқар Мамин маска режиміне қатысты тапсырма берді

Асқар Мамин маска режиміне қатысты тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда шектеу шаралары мен маска режимінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Вакцинация пандемиядан шығудың маңызды жолы болып қала береді. Қазіргі уақытта бірінші компонент 5,9 миллионнан астам адамға егілді, ал екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам вакцинацияланды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында осы жылдың тамыз айына арналған егу жоспарының орындалуын қамтамасыз етіңізіздер", - деді Мамин үкімет отырысында.
Премьер-министр барлық аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды облысына ерекше назар аударды.
"Халықтың шектеу шараларын сақтауын қамтамасыз ету қажет, әсіресе маска режимі қатаң сақталуы керек. Бұл үшін бақылау топтарының жұмысын жандандыру қажет, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылуы тиіс", - деп қосты Асқар Мамин.
11 тамыз 2021 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 804

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031