» » Асқар Мамин: Жедел жәрдем көліктері шақыртуларға дер кезінде жетуі тиіс

Асқар Мамин: Жедел жәрдем көліктері шақыртуларға дер кезінде жетуі тиіс

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен елімізде алдағы демалыс күндері, яғни маусымның 20-21 аралығында шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».


Себеп – бірқатар аймақта коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады. Індет тағы үдей түсті. Осыған байланысты премьер-министр Асқар Мамин кей қалада шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.

«Маусымның 20-21 аралығында елордада, Алматы мен Қарағандыда, Шымкентте, сондай-ақ Павлодар, Екібастұзда сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысын тоқтатуды тапсырамын. Азық-түлік пен өзге де заттар сататын жабық базарлар, фитнес орталықтар алдағы демалыста жұмыс істемейді. Ашық тамақтану орындарына ғана баруға рұқсат. Оның өзінде адамдар арасында арақашықтық сақталуы тиіс. Қоғамдық көліктің қозғалысы да шектеледі. Саябақ, сквер, жағалау, аквапарктер да жабық болады. Туристік аймақтарға кіруге де рұқсат берілмейді. Ал мұндай жерлерде жүргендер арақашықтықты барынша сақтауы қажет», – деді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.

Жасы 65-тен асқан адамдардың далаға шығуына да шектеу қойылады. Үкімет басшысы әкімдерге қысқа мерзімде медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашуды тапсырды. Осы арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамту керек. Ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту қажет. Жедел жәрдем көліктері шақыртуларға дер кезінде жетуі тиіс деді премьер. Асқар Мамин сондай-ақ үйлерінде емделіп жатқандарды бақылауда ұстап, халыққа барынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

«Өздеріңізге мәлім, кеше Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің үндеуінде халықтың карантин жағдайын сақтамау коронавирустың күрделенуіне әккеліп соққанын айтты. Осыған орай ведомствоаралық комиссияның отырысында біз елде нақты шараларды қабылдауымыз керек. Барлық өңірде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны қарқынды түрде өсуде. Бұл карантин жөнінде қатаң шаралар қабылдау керектігін көрсетіп отыр», – деді Асқар Мамин.
18 маусым 2020 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031