» » Коронавирустың таралуына байланысты елде карантин күшейтіледі

Коронавирустың таралуына байланысты елде карантин күшейтіледі

Коронавирусқа қатысты өңірлердегі жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шараларын күшейту ұсынылды.

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердегі карантиндік шараларды қатаңдату керек екенін айтты. 
"Коронавирус инфекциясы таралуының өсуі бүгінде барлық өңірде тіркеліп отыр. Сонықтан, жаңа Атырау облысының әкімі айтқандай, өңірлердегі жағдай тұрақты деген сөзге келісуге болмайды. Әсіресе, бұл Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына тікелей байланысты", - деді ол.
Тоғжанов өңірлердегі эпиедмиологиялық жағдайға қарай карантиндік шектеу шараларын күшейту қажет деп санайтындығын баса айтты.
"Біріншіден, "қызыл" аймаққа кірген өңірлер әкімдеріне денсаулық сақтау министрлігімен бірге қосымша карантиндік шараларды қатаңдатуды, екіншіден, "сары" аймақтағы өңірлер эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шектеулерді күшейту бойынша нақты ұсыныстар енгізуді және оған лайықты пысықтауды, үшіншіден, барлық өңірлер инфекцияны жұқтырған және олармен байланыста болған адамдарды оқшаулау шаралардың тиімділін арттыруды қолға алуы керек", - деді Ералы Тоғжанов.
19 қаңтар 2021 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 510
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 313

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930