» » МӘСКЕУДЕ ТАҒЫ БІР САУДА ОРТАЛЫҒЫНАН ӨРТ ШЫҒЫП, БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

МӘСКЕУДЕ ТАҒЫ БІР САУДА ОРТАЛЫҒЫНАН ӨРТ ШЫҒЫП, БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

   Мәскеудің шығысында "Персей для детей" сауда орталығы өртеніп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, өрттен бір адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Агенттіктің мәлметінше, қаза болған адам сауда үйінің қызметкері. lenta.ru-дың хабарлауынша, өрт орталықтың төртінші қабатындағы ойыншықтар қоймасынан шыққан. Адамдардың жарты бөлігін сауда орталығын басқа ғимаратпен жалғап тұрған өтпелі галерея құтқару баспалдағы арқылы эвакуациялаған. Түтінді жою жүйесі штаттық түрде жұмыс істеп тұрды.
Шамамен 300-ден аса адам ғимарат ішінен эвакуацияланған. Қазіргі уақытта 80 шаршы метр көлеміндегі өрт ауыздықталды. Сауда орталығы Малая Семеновская көшесіндегі 28-ші үй ғимаратында орналасқан. Оның төртінші қабатында балаларға арналған ойын бөлмесі, шаштараз бен студия болды.
Еске сала кетейік, жақында Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығынан шыққан алапат өрт талай адамның өмірін қиған болатын. "Зимняя вишня" мен "Персей для детей" орталықтарындағы өрт екі ғимараттың да төртінші қабатынан бастау алған.

05 сәуір 2018 ж. 1 088 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 748
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031